Облыс бойынша тіркелген 284 мал ұрлығы фактісінің жартысы түлікті жоғалту болса, 109 оқиғада ірі қара мал табылып, қылмыстық іс тоқтатылған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Ұрланудың немесе жоғалудың негізгі себебі – иелерінің малды қараусыз қалдыруынан. Осыған байланысты ШҚО ПД қызметкерлері бейсауат жүрген малдарға арнайы тұрақ жасамақ. Қазірдің өзінде 259 осындай орын дайындалды.
Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап осындай тұрақтарға 53, ал жыл басынан бері 3336 бас мал тоғытылған. Қабылданған алдын алу шаралары ағымдағы жылы Шығыс өңірінде мал ұрлығының санын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді, – деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.