ШҚО полицейлері автокөлік өртінің алдын алды

157
көрілім

Тәртіп сақшылары межелі жерге дер кезінде жеткен. Олардың айтуларынша, сәл болмағанда Курчатов қаласының тұрғыны көліксіз қалуы мүмкін еді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 Оқиға Абай көшесіндегі аулалардың бірінде болған. Патрульдік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Заңғар Әбілмансұров пен криминалист, полиция аға лейтенанты Бақытбек Жұманкенов патрульдеу кезінде тұраққа қойылған автокөлік капотының астынан түтіндеп тұрғанын байқаған. Көлік оталып тұрғанымен салонда жүргізуші жоқ болды. Соны көздері шалған сақшылар ойланбастан көлікке қарай жүргірген. Алдымен қозғалтқышты өшіріп, одан кейін аккумуляторды алып шықты.
- Санаулы минуттардың ішінде қысқа тұйықталу салдарынан көлік өртеніп кетуі мүмкін еді. Әйтеуір бәрі сәтімен болып, көлікке зақым келмеді, - деп атап өтті полиция аға лейтенанты Бақытбек Жұманкенов.
Полицейлер жөндеуден кейін көлік иесінің оны қалдырып пәтерге кіргенін және капот астында сымдар жанып жатқанын байқамағанын анықтады.
- Полицейлерге кәсіби іс-әрекеттері үшін үлкен рахмет, - деп автокөлік иесі полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.