ШҚО полицейлері «Браконьер» шарасын өткізуде

550
көрілім

Осы жылдың 20 қазаны мен 19 қарашасы аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау, жолын кесу және экологиялық қылмыстарды ашуды мақсатында «Браконьер» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. 

Облыстың полиция органдары табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша жұмысын күшейтті, табиғатты қорғау заңнамасының бұзушылықтарды анықтауға, алдын алуға, жолын кесуге және ашуға, оның ішінде ішкі істер органдарының уәкілетті мемлекеттік органдармен, басқа да құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылында браконьерлікпен күресуге бағытталған бірлескен іс-шаралар жүзеге асыруда.

Негізгі міндет – Шығыс Қазақстан облысының аумағында аңшылық, ағаш кесу, балық ресурстарын өндіру, экспорттау, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін тасымалдаудың заңсыз фактілерін анықтау.