ШҚО полицейлері он жыл бұрынғы кісі өлімін ашты

464
көрілім
Шартты фотосурет

2008 жылдың сәуір айында «Аягөз- Қарағанды» тас жолының бойында 35 жастағы Аягөз ауданы тұрғынының мәйіті табылған болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Әйел адамның ажал құшу себебін анықтау кезінде денесінен қинап өлтіру белгілері анықталған. Аса ауыр қылмысты ашу бойынша алғашқы тергеу әрекеттері нәтиже бермегендіктен қылмыскердің жеке басын анықтау мүмкін болмады.

 - Оған қарамастан іздеу жұмыстары бір күнге де тоқтатылған жоқ. Осы жылдың қазан айында Полиция департаментінің қызметкерлері күдіктінің «ізіне» түсті. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары Риддер қаласының 51 жастағы тұрғынын ұстап, күдікті алдына жиналған дәлелдемелер мен айғақтард» ұсынғаннан кейін бірден қылмыс жасағанын мойындады, - делінген мәліметте. - Оның айтуынша, бұл әрекетке сүйіктісін қызғанғандықтан барған. Жәбірленуші бірге демалған күдіктінің ұнатқан адамына тым көп көңіл бөлген екен. Соңында, әйел адам жәбірленушіні пальтоның белбеуі арқылы өлтіргені анықталды.

ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметовтың айтуынша, күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасуда және егер ол кінәлі деп танылса, оған 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.