ШҚО полицейлері толғағы жеткен әйелдің перзентханаға уақытында жетуіне көмектесті

242
көрілім

ШҚО ПД қызметкерлеріне хабарласқан жүргізуші көп көліктің кесірінен орнынан қозғала алмай тұрғандығын айтқан. Оқиға түскі уақытта болғандықтан жолда кептеліс орнаған, ол перзентханаға уақытында жете алмай қалуы мүмкін еді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Аға лейтенант Марат Базельжанов пен Диас Зангин бірден көмек көрсетуге аттанған. Тәртіп сақшылары науқасты еш кедергісіз Ана мен бала орталығына жеткізді.

Бұл жайт туралы көмекке шақырған ата-аналар мәлімдеген. Олар әлеуметтік желілердің танымал топтарында өздерінің алғыстарын білдірген.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мұндай оқиғалар олардың жұмыстарында жиі кездеседі. Сондықтан әрқайсысына көмектесу парыз.