ШҚО Полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

438
көрілім

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ШҚО Полиция департаментінің жаңа басшысын жеке құраммен таныстырды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Президенті Әкімшілігімен және аймақ басшысы Даниал Ахметовтың келісімі бойынша полиция полковнигі Мәдиев Сағат Кентайұлы ШҚО Полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Сағат Мәдиев 1969 жылы туған. Ішкі істер органдарында 1990 жылдан бері жұмыс істейді. Ақмола, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарының полиция бөлімдерінде басшылық қызмет атқарды. 2017 жылдың наурыз айынан бастап ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымында болған.  

ШҚО Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Бактыбаев Жанарбек Телюбекұлы енді Маңғыстау облыстық Полиция департаментін басқармақ.