ШҚО Прокуроры жанар-жағармай сапасын тексеруді тапсырды

1310
көрілім
Шартты фотосурет

Негізінен облыс орталығына қатысты ақпарат. Сенесіздер ме, Өскеменде ұзын-ырғасы 340 мың адам тұрса, 342 мың жеңіл көлік бар. Соншама түтін тасқаланы лезде тұмшалап, экологотар жан-жақтан дабыл қағуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тақырыпқа көшпес бұрын шағын статистиканы жалғай кетейік. 342 мың мәшине бар десек, 252 мың автомобильді 10 жылдан астам уақыт жүргізгендері бар. Сөзсіз, мұның барлығы «өкпесі қабынған Өскеменнің» экологиясын одан әрі нашарлатып жібермесе, жақсартпақ емес. Ол аз десеңіз, жанар-жағармай құрамының тексерілмегеніне биыл жеті жыл болыпты. Бақылаушылардың неліктен сылбыр әрекетке барып, қызметке атүсті қарағандары қазір анықталып болған. ШҚО Прокуроры Алмат Байшолақов тиісті тапсырма беріп, экология департаменті мен тәртіп сақшыларына көліктен шығатын газ сапасын тексеруді баса айтты.

– Негізі, көліктерден шығатын газ үлесі кәсіпорындар мен зауыттардан шығатын зиянды қоспалардан екі есе көп, – делінген мәліметте.

Прокуратура ұсынған мәліметке сәйкес жанар-жағармай арқылы бір жылда 90 мың тонна зиянды қалдық ауаны ластаса, кәсіпорындардан бөлінетін түтін 50 мың тонна мөлшерінде. Сонда қала тұрғындары жыл сайын зауыттар мен көліктерден шығатын 140 мың тонна түрлі зиянды қоспалармен тыныстап келеді.

Бұл аз десеңіз Өскеменнің шет жағындағы кент пен шағын аудандар, ауылдар да осынын зиянын шегуде.