ШҚО шаңғышысы спорттық мансабына қатысты пікірін білдірді

374
көрілім
фотосурет eurosport.ru сайтынан

Шаңғыдан Ұлттық құраманың көшбасшысы Алексей Полторанин үлкен спорттағы мансабын жалғастырады деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі nevasport.ru сайтына сілтеме жасап.
Аталған басылым дерегіне сенсек, шаңғы спортынан кету-кетпеуі жайлы жанкүйер тарапынан қойылған сауалға өзінің инстаграм желісінде «Иә жалғастырамын» деп жауап берген екен.
Естеріңізде болса, 2019 жылдың ақпан айында дәрігер Шмидт емханасында тыйым салынған қан алмастыру бойынша риддерлік спортшының басы дауға қалған еді. Әзірге танымал шаңғышының спорттан шеттетілуі жайында ешқандай ақпарат жоқ. Қан допингі бойынша дау-дамайға қатысы бар Австрия елінің төрт өкілін спорттан шеттеткені көпшілікке мәлім. Атап айтсақ, Доминик Бальдауф пен Майк Хауке Австрия антидопингілік агенттігі шешімімен төрт жылға спорттан аластатылған.
Еліміздегі билік тарапы бұл мәселеге қатысты келесі деректі алға тартты: «Полторанин тыйым салынған препаратты қабылдағысы келгенімен, шынтуайтында ондай әрекетке бармады». Анығы сол, жерлесіміз неміс емханасына барып тек қан тапсырған. Келтірілген деректерге сүйенсек, риддерлік шаңғышының спорттан шеттетілу мерзімі келер жылдың 1-ші науырызында бітеді.
Айта кетейік, ақпанның 27-сі күні Полторанинді антидопингтік ережені бұзғаны үшін австриялық тәртіп сақшылары құрықтаған болатын. Жерлесімізден бөлек, мұндай айып эстониялық шаңғышы Андрус Веерпалу пен тағы бір австриялық спортшы Макс Хаукеге тағылған-ды.