ШҚО спортшылары ел чемпионатында жүлдегер атанды

373
көрілім

Ақмола облысының Щучинск қаласында өткен грек-рим күресінен кадеттер арасындағы ел чемпионатында жерлестеріміз жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қоржынға екі медаль түсті. Алдымен 65 келі дәрежесінде Әмір Темірғали өз салмағында қола медальға ие болды. Әу баста сенімді белдескен спортшы тек жартылай финалда қарсыласына жол берген болатын. Бұдан кейін бозкілемде жинақы белдесу көрсеткен Есім Тұрысбек 80 келі салмақта қарсыластарын қоғадай жапырып, тұғырдың ең биік сатысына жайғасты. Бұл жерде біршама күрес сүйер қауым Әмірдің асыра лақтыру әдісіне жоғары бағасын бергенін айта кетейік.

Әділхан ЕСІМХАНОВ