ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын қадағалауда

451
көрілім
Шартты фотосурет

ШҚО-да биыл наурыз айында «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы аясында мемлекеттік сатып алу кезінде 900 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алдын алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» (Publicbudget.kz) – қоғамдық ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдету, билік пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді диалог платформасын құру үшін құрылған ЕурАзЭҚ және ТМД елдері арасындағы бірегей жоба.
Мамандардың айтуынша, жоба өңірде 2019 жылдың шілдесінен бастап іске асырылуда. Аталған картаның көмегімен шығысқазақстандықтар бюджеттік шығындар туралы бар мәліметті біле алады. Ол 24 сағат бойы қолжетімді, егер қандай да бір сәйкессіздіктер байқалса, кез келген адам тиісті суреттер мен бейнематериалдарды тіркей отырып, уәкілетті органға хабарлау мүмкіндігі бар.
Айталық, Бородулиха ауданының балабақшаларының бірінде тоңазытқыш алуға жоспар құрылған, Департаменттің сатып алудың бағасын қайта қарау бойынша ұсыныс хатынан кейін сатып алудан бас тартылды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша Департаменті