ШҚО тасжолдарында ауыр жүк көліктеріне шектеу қойылмақ

361
көрілім
Шартты фотосурет

Аталған шектеу наурыз айының 23-нен бастап жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылым министрлігіне сілтеме жасап.
– Көктем айында трассада құрылымдық элементтерінің төмендеуінен жекелей өсіне 8 тоннадан астам салмақ түсетін жүк көліктерінің қозғалысы шектеледі, – делінген хабарламада.
Наурыз айының 23-і мен мамырдың 1-і аралығында ШҚО, Ақмола, Ақтөбе, БҚО, Қарағанды, Қостанай, СҚО және Павлодар облыстарында шектеу қойыла бастайды.
– Айта кету керек, мұндай шектеулер жүк пен жолаушылар тасымалын халықаралық деңгейде жүзеге асырып, ТЖ алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға қатысып, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетіп, тамақ өнімдері, жолаушылар мен жүктер, сондай-ақ дәрі-дәрмек тасымалдайтын көліктерге халықаралық келісімдерге сәйкес қолданылмайды, – дейді Индустрия министрлігіндегілер.