ШҚО тасжолдарында жол-патрульдік көліктерінің макет-муляждары қойылуда

282
көрілім

Арнайы муляждар алыстан шынайы көлік сияқты көрінеді. Бұл жол-көлік апаттарының алдын алу үшін жасалған шаралардың бірі, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Бүгінгі таңда ШҚО ПД патрульдік полиция батальонында әзірге осындай 4 муляж бар. Макет-муляждар қала сыртындағы аса қауіпті жолдарда жүргізушілердің жылдамдықты асырмау мақсатында қойылады.


– Статистика мәліметтері көрсеткендей, ШҚО-дағы жол-көлік оқиғаларының үштен бір бөлігі жылдамдықты асырудан. Соңғы алты айда тіркелген 394 жол апатының 124-і көлікті жоғары жылдамдықпен жүргізу себебінен болғаны анықталды, – дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.