ШҚО тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бастығының орынбасары қызметінен босатылды

290
көрілім

Шығыс Қазақстан облысындағы тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімі бастығының орынбасары қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің басшысы.

Ағымдағы жылы ШҚО-дағы тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бастығының орынбасарына пара алу және арнайы іс-шаралар кезінде этика мен тәртіп бұзу фактісі тіркелді.
Тергеу нәтижелері бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі заң бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайды жою туралы ұсыныс жасаған (ҚР ҚІЖК-нің 200-бабына сәйкес).

Денсаулық сақтау министрлігі жауапты хатшысының бұйрығымен мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін теріс қылық жасағаны үшін ШҚО-дағы Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бастығының орынбасары қызметінен босатылды
Б.Қуанышбеков.

Сондай-ақ ағымдағы жылдың 13 қарашасында ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі және мүдделі мемлекеттік органдар, ШҚО Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің көпшілік өкілдері , оның аумақтық бөлімшелері мен Ұлттық сараптама орталығы филиалы қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жиналысқа қатысушылар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен таныстырылды, олар үшін болашақта жемқорлықты жою және этикалық нормалардың бұзылуына жол бермеу жөнінде нақты ұсыныстар жасалды.

Отырысқорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары жиналыс қатысушыларын сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға немесе сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекеттерді жасамауға шақырды.