ШҚО тумасы Әлем чемпионатында бақ сынайды

389
көрілім
Фотосурет bilimdinews.kz сайтынан

Үржарлық Алмат Кебіспаев Нұр-Сұлтан қаласында өтетін күрес түрлерінен Әлем чемпионатында ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Бұқара,кз сайтының тілшісі.

Байрақты бәсекелерде абыроймен өнер көрсеткен жерлестеріміз жетерлік. Алайда бірқатары Шығыс Қазақстанның емес, өзге өңірлердің атынан сынға түсуде. Грек-рим күресінен Әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері үржарлық Алмат Қабдрашұлы қыркүйектің 14-22 аралығында өтетін әлемдік додада 63 келі салмақта боз кілемге беттейді. Естеріңізге сала кетейік, бұл күндері жерлесіміз Нұр-Сұлтан шаһарының атынан күресуде. Десе де бірқатар ірі додаларда облыс атынан шығып, спортсүйер қауымның айызын қандыратындай белдесулер көрсеткені рас. Атағы бір басына жететін палуанның бабы келісіп-ақ тұр. Соңғы рет Германияның Дортмунд қаласында өткен халықаралық сайыста күміс жүлде иеленген-ді.

Жалпы, елордада өтетін аламанда өнер көрсететін Ұлттық құрама мүшелері әлі толық анықталмады. Айталық, 60 келі мен 82 келі салмақ дәрежелерінде санаулы күндерден соң белгілі болмақ.

Әділхан ЕСІМХАНОВ