ШҚО тұрақтандыру қорындағы қант мөлшері қашанға дейін жетеді?

316
көрілім

Шығыс Қазақстан облысының тұрақтандыру қорындағы қант мөлшері қараша айына дейін жетеді. Бұл жайлы облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысында айтылды.

Өткен жылдың желтоқсан айында басталған әлеуметтік бағадағы қант сату қарашаға дейін жалғаспақ.

- 2018 жылы аймақтық тұрақтандыру қорына 153 миллион теңгеге 680 тонна қант сатып алынған болатын. Тауар толықтай орындаушы компанияларға жеткізілген. Арзан бағадағы қант облыстың 42 сауда орнында сатылымға қойылған, - дейді «СПК «Ертiс» басқарма төрағасы Эльдар Тумашинов.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ