ШҚО тұрғындары 13 сәуірден бері тегін дәріге қол жеткізе алмай отыр

451
көрілім

ШҚО-да 13 сәуірде тегін дәрілерге қатысты тендер аяқталып, кейбір тасымалдаушылар тендердің заңдылығын анықтау үшін сотқа жүгінген. Осының салдарынан тұрғындарға тегін дәрі беру тоқтатылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

– 13 сәуірде тендер аяқталды. Кейбір тасымалдаушылар өзінің құқығын пайдаланып, тендердің заңдылығын анықтау үшін экономикалық сотқа арыз берді. Біз өз тарапымыздан прокуратураға өтініш бердік. Сот өтіп жатыр. Соттың шешімінен кейін бәрі белгілі болады, – дейді ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Райфа Сафиуллина.

Шығыс Қазақстанда аурудың 400 түріне қатысты дәрігерлер тегін дәрі жазып береді. Әзірге тегін дәрі алушыларға соттың шешімін күтуге тура келеді. Басқарманың хабарлауынша, сот соңына жеткен күні-ақ тегін дәріні тапсыру қолға алынбақ. Бүгінгі сот отырысынан кейін келесі сот отырысы 2 мамырда өткізіледі.

Мейрамбек Қосажан