ШҚО тұрғындары әуеде зымыран-тасығышының ізін байқаған

300
көрілім
Шартты сурет.

Шығысқазақстандық тұрғындардың болжамынша зымыран-тасығышының бөлігінің құлаған ізін байқады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Аспандағы белгісіз құбылысты Өскемен және Алтай қалаларының тұрғындары ұялы телефонға түсіріп алған.
Алтайлықтар оны таң сәріде көкте жарықты көрген. Өскемен тұрғындары да желіге белгісіз обьектінің ізін түсіріп салуда.
6 тамыз күні Байқоңырдан «Протон-М» әскери спутнигі бар зымыран-тасығышы ұшырылғаны белгілі. Бұл туралы РФ Қорғаныс Министрлігі хабарлады.