ШҚО тұрғыны медицина қызметкерін зорлағаны үшін 8 жылға түрмеге қамалды

315
көрілім

Шығыс Қазақстан облысында ер адам мейірбикені қызметтік міндетін атқарып жүрген кезінде зорлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Жуықта Бородулиха аудандық соты облыс тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы (зорлау, өлтіру қатерін төндірумен ұласқан) бойынша қозғалған қылмыстық істің үкімін шығарды.

«Сот шешімімен қызметтік міндетін атқарып жүрген медицина қызметкерін мас күйінде зорлаған айыпталушы 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды» деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, жәбірленуші әйелдің кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар. Сот үкімімен оның пайдасына 2,5 миллион теңге көлемінде моральдық зиян өндірілді.

«Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Егер сотталушы тарапынан шағым түсірілсе, істің дұрыс-бұрыстығын апелляциялық сот тексереді» деп түсіндірді сот өкілдері.