ШҚО тұрғынынан 11 тонна балық тәркіленді

420
көрілім

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданынан заңсыз балық тасымалдаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 
- Тарбағатай ауданының полиция қызметкерлері 11 тоннадан астам балықты заңсыз тасымалдаған ер адамды ұстады. «КамАЗ» көлігінің 30 жастағы жүргізушісі тиісті құжаттарды ұсына алмаған. Мемлекетке келтірілген шығын мөлшері 20 млн теңгеге бағаланды, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі. 
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодекстің 335-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.