ШҚО ТЖД қарағайлы ормандағы өрт туралы ақпаратты жоққа шығарды

34
көрілім

Бородулиха ауданында өрт фактісі тіркелген. Алайда аумағы көпшілік айтқандай аса үлкен емес, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Әлеуметтік желіде Бородулиха ауданы Камышенка ауылы маңындағы  түтін басқан орман суреттері таралуда. Желі қолданушылары қарағай орманы өртенуде деп жазуда.
ШҚО ТЖД мамандарының мәлімдеуінше, түтіннің тарап кетуі бір ғана ағаштың өртенуінен болды дейді. Абырой болғанда, өрт сөндірушілер жалынның басқа ағаштарды шарпуына жол бермеген.
Айта кетейік, соңғы күндері ауданы 0,3-0,5 шаршы метр өрт Жаңа Шүлбі, Успен, Ауыл және Краснокордон орман шаруашылықтарында болған.