ШҚО жәрмеңкесі өтті

245
көрілім

Астанада Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Сатуға барлығы 300 тоннадан астам өнім жеткізілді.

"Қазақстан" спорт кешені аумағында Елорданың 20 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жәрмеңке аясында елорда тұрғындарына 35 тонна бал, 6 тонна шұжық өнімдері, 11 тонна сүт өнімі, 13 тонна күнбағыс майы, 8 тонна жарма, 45 тонна жылқы еті, 10 тонна қымыз және ұлттық тағамдар, панты өнімдері, 200 тонна көкөніс өнімдері мен басқалар ұсынылған. Барлығы 300 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері сатылыпты. Шығыс өнімдері Астанадағы базар құнынан 15-20 пайызға төмен бағамен саудаланды.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ