ШҚО жолдарында қылқан жапырақты ағаштарды қорғау мақсатында стационарлық бекеттер қойылмақ

466
көрілім
Шартты фотосурет

Бұл туралы ШҚО Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсайынов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның айтуынша, қылқан жапырақты жас тұқымдарды қорғау бойынша он үш мемлекеттік орман мекемелерінің әрқайсысы мен жедел жасақта мобильдік топтар құрылған.
 - Қазіргі уақытта 31 желтоқсанға дейін жұмысын бастайтын стационарлық бекеттер қойылады. Бұл өлкеміздің орман байлығын сақтау бойынша жыл сайын қолға алынатын жұмыс. Өйткені барлық ормандардың 50 пайызға жуығы Шығыс Қазақстанда шоғырланған.