ШҚО жолдарында жылтыр маяктары бар патрульдік көлік үлгілері пайда болды

301
көрілім

Жол қауіпсіздігі мен жылдамдық сақтауды қамтамасыз ету мақсатында «Қазавтожол» АҚ ШҚО филиалы патрульдік полиция машиналарының үлгілерін орнатты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Олардың бір ерекшелігі – қараңғыда да жұмыс істейтін жылтыр маяктары бар және электр қуатын күннен алады.

Бұл жұмыс ШҚО Полиция басқармасының ұсынысымен жүргізіліп отыр. Тәртіп сақшылары жолдардың қауіпті учаскелерін анықтады. Олар Өскемен-Риддер, Өскемен-Семей, Өскемен-Алтай жол учаскелерінде қолданылады.

Қараңғы жерде маяктар қашықтықтан жұмыс істейді. Көшірмені нағыз патрульдік машинадан ажырату мүмкін емес. Жүргізушілер жылтыраған маяктарды көргенде жылдамдықты бірден баяулатады.

Жол-көлік оқиғаларының талдауы көрсеткендей, жыл басынан бері белгіленген жылдамдықтан асып кетуіне байланысты 303 жазатайым оқиға тіркелген. Осындай апаттар кезінде 530-дан астам адам зардап шегіп, олардың 66-ы қайтыс болған.