ШҚО-да 118 автокөлік қар құрсауында қалған

34
көрілім

Құтқарушылар жол қызметімен және полициямен бірлесіп 218 жолушы эвакуацияланды, 70 адам құтқарылды, оның 11-і балалар, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

ШҚО-да 28-29 қаңтар күндері дауылды ескерту жарияланып, қалың қар мен бұрқасын жел салдарынан бірқатар өңірлерде көлік жолдары жабылғанын хабарлаған болатынбыз. Ескерту жайлы облыс тұрғындарына 15, «Дармен» мобильді қосымшасы арқылы 30 хабарлама жіберілді.

Жедел штабқа 55-38-19 және 56-01-66 сенім телефондарына облыс тұрғындарынан 40-тан астам қоңырау түсті.

Жалпы алғанда, барлығы 118 техника қар құрсауында қалған. Оның 102-сі жеңіл көлік, 3-і автобус, 13-і жүк көлігі. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар 8 учаскеде және облыстық маңызы бар 13 учаскеде жолдар әлі де жабық.

Жолда қалған көліктерді қар құрсауынан құтқаруға құтқарушылар, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен жол қызметтерінен 109 адам мен 48 техника жұмылдырылған. Облыста көлік жолдарын қардан тазарту үшін 403 техника жұмыс істеуде. Оның 94-і республикалық, 79-ы облыстық маңыздағы автокөлік жолдарында жүр.