ШҚО-да 2017-2020 жылдары 625 көпбалалы отбасы баспаналы болды

570
көрілім
Шартты фотосурет

Облыста соңғы 4 жыл ішінде 625 көпбалалы отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл туралы халық алдында есеп берген ШҚО әкімі Даниал Ахметов айтты.

– Көпбалалы отбасылар ерекше назарға алынған. Өңірімізде көпбалалы жанұядан шыққан оқушылар толықтай мектеп формасымен, аяқ киіммен және ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. Балалардың ата-аналары балбақшаларға ақы төлеуден босатылған. Ал студенттер болса тегін тамақпен және жатақханамен қамтылып отыр, - деді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, 2017 жылы тұрғын үй алу кезегінде тіркелген көпбалалы отбасылар саны бес есеге өскен. Соңғы төрт жыл ішінде ауылды жерлерде тұратын 1625 көпбалалы отбасы баспаналы болды.

– Өткен жылы 1049 отбасы, оның ішінде ауылдағы 336 жанұя қоныс тойын тойлады. Биыл өңір аудандарында жеке инвесторларды тарта отырып, жалпы ауданы 36 мың шаршы метрге жететін 191 екіпәтерлі тұрғын үй салу жоспарлануда, - деді Даниал Ахметов.