ШҚО-да 2019 жылы 331 азаматтық іс қаралған

293
көрілім

Бұл туралы Өскеменде өткен жиында ШҚО бойынша №1 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Анна Жумагулова айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, 2019 жылдың 12 айлық көрсеткіші бойынша аталмыш сотта барлығы 539 азаматтық іс қаралған. Бұл дегеніміз, 2018 жылмен салыстырғанда 32 іске артық. Анна Жумагулованың сөзінше, өткен жылы жантүршігерлік қылмыстар саны азайып, кәмелетке толмағандарға қатысты қаралған істер едәуір кеміген.

– Бір айта кетерлігі, былтыр кәмелетке толмағандар арасында 2018 жылмен салыстырғанда қылмыс саны 20-ға азайды. Алайда бірен-саран тіркелген деректің өзі тап бір қорқынышты әңгіме іспетті. Ана мен бала орталығында тіркелген келеңсіз жайттар осыған мысал бола алады. Оның ішінде ащы суға сылқия тойып алып, балаларына күн көрсетпеген ата-аналардың қылығы, қараусыз қалған балалар өмірі расымен де жаға ұстататындай, – дейді ол.

Нұрбек АСҚАРОВ