ШҚО-да 2020 жылға қасқыр атудың лимиті белгілі болды

310
көрілім

Биыл Шығыс Қазақстанда 510 қасқыр атуға рұқсат берілді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі. 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің мәліметіне сүйенсек, 2020 жылы Қазақстанда қасқыр ату лимиті 4 824-ді құрады.

- Жыл сайын биологиялық дәйектемеге арналған мемлекеттік экологиялық сараптама жасау бойынша Қазақстан Республикасы аумағындағы қасқыр мен шиебөрі санын реттеу лимиті бекітіледі. Реттеуге рұқсат беру мемлекеттік қызмет саналады және электронды портал арқылы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясымен көрсетіледі. Әрбір аңшы электронды портал арқылы онлайн өтінім бере алады. Қызмет атауы: «Саны реттеу жататын аң түрлерін атуға рұқсат беру, - дейді Сәкен Ділдахмет.

Оның айтуынша, интернет болмаған жағдайда бұл қызметті кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады.

- Қасыр мен шиебөрі халықтың денсаулығын қорғау, ауыл шаруашылығы және өзге де үй жануарларын аурулардан сақтап қалу, қоршаған ортаға шығын келтірмеу, ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай шығын келу қаупін болдырмау мақсаттында саны реттеу жататын аң түрлерінің тізіміне кіреді. 2020 жылы республика бойынша жалпы 4 824 қасқыр мен 11 733 шиебөрі атуға рұқсат берілді, - деді комитеттің баспасөз хатшысы.