ШҚО-да 30 мыңнан астам компьютерлік класстар ашылған

317
көрілім

Облыс орталығында «Nur Otan» партиясының ШҚО филиалының ұйымдастыруымен облыстағы атқарылған жұмыстар мен шаралар тыңдалды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Партия филиалының бастамасымен облыстың әр өңірлерінде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Аймақта 655 мектеп жаңа оқу бағдарламасын меңгеріп, 30 мыңнан аса компьютерлік класстар ашылды. Шығыс Қазақстан IT сыныптардың ашылуы бойынша республикадағы ең үздік саналады. Бұл бойынша екі жылда 1125 мұғалім IT маманы оқу курсын аяқтаған.
– Бұдан бөлек түрлі IT олимпиадалар өткізіліп, 6000 нан аса адам келіп тамашалады. «Бақытты отбасы» жобасы бойынша 1, 7 млрд.теңге қамтылып, білім саласы, денсаулық сақтау, кәсіпкерлікті қолдауға бағытталды. Ал осы жылдың соңына дейін 11 млрд.теңге бөлінбек, – дейді ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.
Сонымен қатар баспана кезегіндегі отбасыларға үй беріліп, 500 млн.теңге мектеп оқушыларына жұмсалады.
Қазіргі күнде елімізде тұрмысы төмен отбасыларға көп көңіл бөлінуде. Сондықтан аз қамтылған жанұялардың балаларына арналған кадрларды даярлау жобасына 3 млр.теңге пайдаланылмақ.
Осы сияқты «Саламатты ана мен бала», «Еңбек» бағдарламалары тегін медициналық көмек пен жастар мен мүгедектерді жұмыспен қамтуға септігін тигізбек.
– Облыста кәсіпкерлік әлеуеті артып келеді. Салық есебінің көрсеткіші оңды. Кіші және орта кәсіпкерлікте өсім деңгейі жоғары, – деді ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ержан Шұрманов.

Данияр ЗАЙНЕЛОВ