ШҚО-да 500 шақырымнан асатын көшелер мен жолдар жөнделуде

740
көрілім

Тиісті жұмыстар қалалармен қатар бірнеше ауданды да қамтыған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Берілген мәліметке сәйкес биыл полиция ұсыныстары бойынша жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен Өскемен, Семей қалаларында, Ақжар және Көкпекті кенттерінде алты бағдаршам объектісін орнату және жаңғырту бойынша жұмыстар басталды.

- 500 шақырымнан астам көшелер мен жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Облыс орталығы мен Семей қаласының күнделікті қарбаласқа ұласатын жеті көшесі кеңейтілуге жатады. Көше-жол желісінің қауіпсіз жағдайын бақылау бойынша жұмыс аймақ полицейлерінің тұрақты бақылауында, - делінген мәліметте.