ШҚО-да 500-ден астам бизнес субъектісі жұмысын қайта жандандыра алмай отыр

330
көрілім

Пандемия және халықты оқшаулау режимі өмірдің барлық салаларына ерекше әсер етті. ШҚО Кәсіпкерлер палатасының ақпараты бойынша, ТЖ кезінде өңірде 14 412 бизнес субъектісі өз қызметін тоқтата тұруға мәжбүр болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Төтенше жағдай режимі мен карантиндік шаралар ойын-сауық индустриясын өмір сүру қаражатынсыз қалдырды. Осы уақытқа дейін өңірде 530-ға жуық бизнес субъектісі өз жұмысын бастай алмауда. Кәсіпорындар ішінде кинотеатрлар, интернет-клубтар, бильярд, караоке, боулинг-орталықтары және тағы басқалары бар. Бұрын ойын-сауық саласында жұмыс істейтін 4,3 мыңға жуық адам жұмыссыз қалды.

Өңірдің Кәсіпкерлер палатасында атап өткендей, қызметтің тағы бір осал түрі туризм саласы болды, оны аяғынан тік тұрғызу қажет. ШҚО статистика департаментінің деректері бойынша, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында ғана 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда туристік объектілерге келушілер саны 32% - ға азайған. Демалушыларды орналастыру орындарындағы қызметтер көлемі осы жылдың 6 айында өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 38,4% - ға азайды. Коронавирустық инфекцияның екінші толқыны және қатаң шектеу шаралары енгізілген жағдайда туристік компаниялардың да банкротқа ұшырау қаупі бар.