ШҚО-да 6000 түп көшет отырғызылды

529
көрілім

Акцияға өңірдегі мәслихат депутаттары, өнер қайраткерлері, блогерлер, қоғам қайраткерлері, спортшылар мен БАҚ өкілдері, студенттер мен қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Аталмыш республикалық акция ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Басты мақсат - көгалдандыру жұмыстарын жүргізу. ШҚО-дағы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Мұрат Құсаиновтың айтуынша, бүгін аймақта 6 мың түп көшет отырғызылды.

- Біз орман шаруашылығынан 13 түрлі ағаш әкелдік. Өскемендегі Есенберлин даңғылында 1100 түп отырғызылды. Оның ішінде қайың мен қылқан жапырақты ағаштар бар. Жалпы, көшеттерді егу жұмыстары көктемде басталған. Сол кезде 132,8 мың түп отырғызылған еді. Таяуда облыстағы барлық мектепте экологиялық сағаттар өткізіліп, қатысушылар 4 мың түп ағаш көшетін екті. Ағымдағы жыл соңына дейін 150 мың түп ағаш көшеттерін отырғызуды жоспарланған.

- Осы ағаштар өскен кезде қаламыз бұрынғыдан да көркейе түседі. Біз өзіміз тұрып жатқан жердің экологиясын сақтауымыз керек. Өйткені бұл бізден басқа ешкімге керек емес, - деді "Экосервис-С" ЖШС-нің директоры Ерік Сандыбаев.