ШҚО-да 600-ден астам бұзушылық анықталды

301
көрілім
Шартты фотосурет

Қазан айының 20-сы мен 19 қараша аралығында облыс аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Браконьер» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, жедел алдын алу іс-шараларын өткізу кезеңінде 411 рейдтік іс-шара өтіп, соның нәтижелері бойынша табиғат қорғау заңнамасының 617 құқық бұзушылығы анықталды. Оның ішінде:
- 426 аң аулау ережелерін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК 382-бабы),
- 141 балық аулау ережелерін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы),
- 41 қаруды есепке алу, сақтау, пайдалану тәртібін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК 484-бабы),
- 8 ағаштарды заңсыз кескені үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 381-1-бабы),
- 1 жасыл желектер ережелерін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 386-бабы).
 -    Сонымен қатар, 12 қылмыстық қылмыс анықталды, оның ішінде:
- 4 балық ресурстарын заңсыз өндіргені үшін (ҚР ҚК-нің 335-бабы),
- 4 ағаштарды заңсыз кескені үшін (ҚР ҚК-нің 340-бабы),
- 2 заңсыз аң аулағаны үшін (ҚР ҚК-нің 337-бабы),
- 1 ұрлық үшін (ҚР ҚК-нің188-бабы),
- 1 қаруды заңсыз сақтағаны, тасымалдағаны немесе алып жүргені үшін (ҚР ҚК 287-бабы), - делінген мәліметте.