ШҚО-да 8 адам кене энцефалитіне шалдықты

94
көрілім
фотосурет ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында 8 адам кене энцефалитіне, тағы 4 тұрғын боррелиоз ауруына шалдықты, деп хабарлайды  Buqara.kz  сайтының тілшісі
 
 

Бұл екі инфекция да кенеден тарайды. Зиянды жәндік шаққан жағдайда медициналық көмекке жүгінбесе, адам мүгедек болып қалуы мүмкін.

Қазір боррелиоз бен энцефалитке шалдыққан науқастардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, олар дәрігерлердің бақылауында.

 Ресми ақпаратқа сүйенсек арнайы вакцина салынған соң амбулаториялық режимде ем қабылдауға жіберілді. Өңірде биыл көктемнен бастап 3 мыңнан астам адамды кене шаққан. Зиянкестен тек Өскемен қаласында 1500 адам зардап шеккен. Риддер мен Алтай аудандарында да биыл кене көп.

Айта кетейік, өңірде 3 мыңға жуық адам кенеге қарсы иммуноглобулин вакцинасын салғызған.