ШҚО-да 90-нан астам оқушы «Менің кіші Отаным» байқауына қатысты

133
көрілім

Облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» зияткерлік конкурсы өткізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Байқауға өңір мектептеріндегі 9-10 сыныптың 92 оқушысы қатысты. Мұндағы басты мақсат - өз елінің тарихына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау, өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, сондай-ақ оқушылардың өлкетану және Қазақстан тарихы бойынша білімін арттыру.

«Дарын» қосымша білім беру және дарындылықты дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Гүлжан Елемесованың айтуынша, байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең - Қазақстан тарихы бойынша қашықтан тестілеу. Екінші кезең 4 номинация бойынша өткізіледі.

– Байқау аясында балалар «Менің кіші отанымның тарихы« тақырыбына видеорепортаж және «Кіші отанымның символы» тақырыбына видео түсіреді. Онлайн форматта «Менің кіші Отанымның болашағы» атты шығармашылық жұмыстар қорғалады. Сонымен қатар «Менің туған өлкем» тақырыбына эссе жазылады. Осының арқасында оқушылар өз өлкелері туралы білімдерімен бөлісіп, өз Отанына деген патриоттығын көрсетіп, болашақта туған жерлерінің қалай дамитыны туралы пікірлерімен бөліседі, - деді Гүлжан Елемесова.

Бүгін аудандық аумақтық ауыл шаруашылығы инспекциясы ұжымымен кездесіп, ел аумағында ерекше назарға алынып отырған құс тұмауымен күрес шараларын пысықтадым. Бүгінгі таңда аудан аумағында 130 мыңнан астам үй құстары тіркеуде тұр. Аталмыш індет облысымызда тіркелгендіктен мамандарға барынша сақтық шараларын күшейтіп, түсіндірме жұмыстарының аясын кеңейту жөнінде кеңес бердім. Сол сияқты мамандармен көтерілген жекелеген мәселелерді назарыма алдым.