ШҚО-да Абайдың 175 жылдығына орай 560 шара өтеді

18
көрілім

Хакімнің мерейтойы туған өлкесінде жаңа форматта аталып өтеді. Бұл жайлы бүгінгі облыс әкімдігінің кезекті отырысында аймақ басшысы Даниал Ахметов айтты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Абайдың 175 жылдығында өңірімізде 560 іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Оның басым бөлігі зерттеу бағытындағы конференциялар мен мәдени шаралар. 24-і халықаралық деңгейде ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Ресей, Түркия, Ұлыбритания, Польша, Қытай елдерінде де аталып өтеді, - дейді ол.

Аймақ басшысының айтуынша, Президент тапсырмасына сәйкес ысырапшылдыққа жол бермеу үшін мерейтойға бөлінген қаражат қайта қаралады.