ШҚО-да алдағы күндері жел соғып, бұршақ жауады

316
көрілім
Шартты сурет

Өңірде алдағы күндері ауа температурасы бес градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды, Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының болжамына сүйенсек, алдағы үш күнде  тұрақсыз ауа райы сақталады.
– Бірқатар өңірлерде қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің шығысында жаңбыр жаууы күтіледі, – делінген мәліметте.
Түнде температура + 5°C, күндіз +15°C аралығында болады деп күтілуде.