ШҚО-да алдағы уақытта күн суытады

271
көрілім

Алдағы үш күнде облыстағы ауа температурасы үш градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Синоптиктердің болжамынша, республиканың барлық облыстарындағы ауа райының құбылуы Оралдан соққан суық әрі ылғал ауа ағымдарының әсерінен.
Шығыс Қазақстанда алдағы үш тәулікте найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін. Күн айыққан сәтте үш градусқа дейінгі үсік жүреді. Апта соңына қарай антициклондардың ығысуы орын алып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі деп болжануда.