ШҚО-да алғаш рет тоғызқұмалақ пен шахматтан online жарыс өтеді

353
көрілім
Шартты фотосурет

Ел көлеміндегі төтенше жағдайға байланысты тоғызқұмалақ пен шахматтан тұңғыш рет online режімде облыс біріншіліктері өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, «iggamecenter.com» сайтында 16-21 сәуір күндері аралығында тоғызқұмалақтан облыстық ашық турнир өтпек. Жарысқа аудан және қалалардан командалар қатысады. Әр қатысушы аталмыш желіге жарысқа бір күн қалғанға дейін тіркелуі қажет.

Сондай-ақ 18-19 сәуір күндері шахматтан аймақтық ашық біріншілік жоспарланған. Online жарыс «liсhess.org» сайтында өткізіледі және кез-келген облыс тұрғыны қатыса алады. 9 турдан тұратын жарыс барлық санатты қамтитын болады.