ШҚО-да алтын және полиметалл кен орындарын іздеу жұмыстары жүргізілуде

261
көрілім

Геологтардың пікірінше, Кенді Алтай аймағында кенге бай орындар табылуы ықтимал. Қазіргі уақытта «Қазгеология» АҚ-ның мамандары осы сұрақпен айналысуда, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


2018 жылы Ревнюшенск аумағында іздеу жұмыстарына рұқсат берілген еді.
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, 2018 жылы Ревнюшинск алаңында ірі масштабты іздестіру жұмыстары басталған. Кен алаңы Алтай және Катонқарағай аудандарында орналасқан.
Хабарламада бағдарламалаудың көпмодельді әдіс технологиясымен Ревнюшинск алаңының әлеуеті мен алтын және полиметалл көздері көлемі анықталады делінген.
Жұмыстың алғашқы нәтижелері зертханалық-талдамалық зерттеу деректерінен кейін жыл соңында белгілі болады.