ШҚО-да алыс елді мекендер ауызсумен қамтылмақ

327
көрілім

Алтай ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітов келесі жылға жоспарланған ауызсу мәселесі мен жылыту қазандықтары жайлы айтты, деп хабаралайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Журналистермен болған кездесуде Нұржан Тоқсейітов келесі жылы Алтай қаласында және ауданның шалғай елді мекендерінде сумен қамтамасыз ету желілерін қайта құру жұмыстары жалғастырылатынын айтты.

- Биылғы жылы инфрақұрылымды дамыту бойынша атап айтқанда, Алтай қаласын сумен қамтамасыз ету бойынша жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі туды. 2017/2018 жылыту маусымы кезінде желілерде 350-ден астам құбырдың бұзылуы тіркелсе, 2018-2019 жылдары мұндай оқиғасы 70-тен асты. Алдағы жылы 4 миллиард 600 миллион теңге сомасына жалпы ұзындығы 185 шақырым  қайта жаңарту жұмыстары жүргізілмек. Бұл жалпы ұзындықтың 70 пайызы, - деді Нұржан Тоқсейітов.

Мұндай жұмыстар ауданның шалғай елді мекендерінде де жүргізілмек.

Аудан әкімінің айтуынша, бірқатар ауылдарда сорғы станциялары ауыстырылады. Путинцево, Тұрғысын, Малеевск ауылдық округтері мен ауылдарында ұзындығы 32 шақырым су құбыры желілерінің құрылысын жүргізу көзделуде. Сонымен қатар, Серебрянск және Жаңа Бұқтырма қазандықтарын жөндеуге ерекше назар аударылмақ. Серебрянск қаласында су тарифін төмендету жоспарда тұр, себебі дәл осы елді мекенде аудан бойынша баға ең жоғары саналады.