ШҚО-да «AMANAT» партиясының өкілдері өңірдегі құсбегілер мәселесін көтерді

329
көрілім

«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы  «Miras» аймақтық кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жиынның күн тәртібінде «AMANAT» партиясының  Шығыс Қазақстан  облыстық филиалының «Өзгерістер жолы әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасының 101, 102 тармақтарымен соңғы жылдары сәтті жүзеге асырылып келе жатқан ақын жазушыларды қолдауға арналған «Абай әлемі»  кітаптар топтамасын жарыққа шығару бойынша 2022 жылға арналған жұмыс жоспары және өңірдегі құсбегілердің мәселесі талқыланды.
- «Miras» аймақтық кеңесі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының жергілікті деңгейде мәдениет, өнер, тарихи-мәдени мұраны сақтау және дамыту саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асыруды және партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген мәдениет, тіл, ұлттық құндылықтарға байланысты жұмыстардың жүйелі жүргізілуін қадағалайды, - деді кеңес төрағасы Әскерхан Хуанбай.


Аймақтық кеңестің отырыстарында ШҚО Мәдениет басқармасының, Білім басқармасының, Дене шынықтыру және спорт басқармасының осы жылдың соңғы үш айында атқарған жұмыстары бойынша есептері тыңдалды.
- «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы аясында облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының бастамасымен «Абай әлемі» кітаптар топтамасын жарыққа шығару 2018 жылдан бері жалғасуда. Жоба басталған уақыттан бері 69 атаулы кітап, 152 189 данамен басылып шықты. Жарық көрген кітаптармен ШҚО қарасты кітапханалардың қоры қамтамасыз етілді. Оның ішінде 17 ауылдық кітапханаларға 75 300 дана кітап берілді. Өткен 2021 жылғы басылым ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Онда өңір қаламгерлерінің 18 кітабы 9 000 данамен басылып шықты. Биылғы 2022 жылы жобаның жүзеге асыру мақсатында 30 млн. теңге сомасында бюджеттік қаражат көзделген. Аталған жоба аясында 12 автордың
13 кітабын, барлығы 6 500 (әр кітап 500 данадан) дана кітапты шығару жоспарланған, - дейді ШҚО мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Роза Әшімханқызы.

Қазақ халқының ұлттық құндылықтарының бірі - құсбегілік болса, бүгінгі өткен «Miras» аймақтық кеңесінің отырысында осы мәселе көтеріліп Шығыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының құсбегілікті қолдау бойынша атқарып жатқан жұмысының нәтижесі тыңдалды.
Ұлттық спорт түрі - бүркітшілікті дамыту мақсатында ШҚО-да облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстар өткізіледі. 2021 жылғы 26 ақпан мен 3 наурыз аралығында Өскемен қаласында бүркітшілер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілді. Жарысқа республиканың 12 облысынан спортшылар қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы 1 жалпыкомандалық орынға ие болды. Сонымен қатар осы жылы да облыс көлемінде бүркітшілердің чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз, - деді ШҚО  Дене шынықтыру және спорт  басқармасының дене шынықтыру бөлімінің басшысы Фархад Әнуарбекұлы.
Отырыс соңында сөз алған кеңес мүшелері  ұлттық спортты қолдауға арналған игі бастаманы дәстүрлі түрде жыл сайын өткізу қажеттігін  жеткізді. Сонымен қатар облыстық мәдениет басқармасына өңірдегі жас жазушы, ақындармен жүйелі жұмыс жасап оларға қолдау көрсету қажет екендігін атап өтті.