ШҚО-да археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына 200 млн.теңге қаржы бөлінген

302
көрілім
Фотосурет Sputniknews.kz сайтынан.

Бұл көрсеткіш 2016-2017 жылдармен салыстырғанда екі есе көп, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Соңғы уақытта облыстағы ескі жәдігерлер мен олардың шығу орындары тыңғылықты зерттелуде. Зейнолла Самашев, Әбдеш Төлеубаев, Карл Байпақов сияқты еліміздің алдыңғы қатарлы археологтарының бастамасымен бірқатар жаңалықтар ашылып, жаңа қорымдар табылуда.

– 2016 жылы №2 Берел қорымы музеефикацияланып, 2017 жылы «Дала амазонкасы» аталған көне қорымдар аспан астындағы ашық музейге айналды. Сол сияқты Елеке сазында тағы бір «Алтын адам» табылған. Ал ағымдағы жылы профессорлар Зейнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаевтың ұйымдастыруымен археологиялық экспедиция Елеке сазынан тапқан алтын бұйымдар мен әшекейлерді көпшілік назарына таныстырды. Осының арқасында облыстық Тарихи-өлкетану музейінің қоры 25 мыңнан аса жәдігерлермен толықты, – дейді Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Раушан  Нұрмұханова.

Естеріңізге салсақ, 2019 жылдың наурыз айында Мәскеу қаласында «Ұлы дала алтыны» халықаралық көрмесі өткен. Алдағы уақытта дәл осындай үлкен көрме Францияның Париж қаласында жоспарлануда. Шара облыс әкімдігі, Қазақстан елшілігі және  ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен өтпек.