ШҚО-да ауа райы минус 30 градусқа дейін суытады

287
көрілім

«Казгидромет» РМК-ның хабарлауынша, 29-30 қаңтар күндері сынап бағанасы минус 30 градусқа дейін төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- 29-30 қаңтар күндері солтүстік-батыстан антициклон келуіне байланысты түнде Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы минус 20-30 градусқа дейін төмендейді, - дейді «Қазгидромет» РМК-ның қысқа мерзімді ауа райы болжамы бөлімінің басшысы Алуа Саханова. - Бірақ температураның төмендеуі ұзақ уақытқа созылмайды.