ШҚО-да аудиторлық тексеріс қорытындысында 460 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған

356
көрілім

Кеше ҚР ҚМ ІМАК ШҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Олжас Нукаев «Antikor.Live» жобасына қатысып, 9 айдың жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тікелей эфир барысында Олжас Нукаев Департамент қызметінің негізгі көрсеткіштері жайлы мәліметтер ұсынды..

 - Осы жылдың 9 айы бойынша 19,1 млрд теңгені қамти отырып, 134 аудиторлық тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 17,9 млрд. теңгеге заңнама бұзушылықтары анықталып, соның ішінде мемлекетке келтірілген залал 5,1 млрд. теңге, сондай-ақ 4,3 млрд. теңге немесе 84,3 % бюджет кірісіне өтелді және қалпына келтірілді. Аудиторлық тексеру қорытындысы бойынша 40,3 млн. теңгеге айыппұл салынып, 460 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 87 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деді ол.

Бұдан бөлек, ШҚО бойынша ІМАД орынбасары сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды тұрғындар назарына жеткізді.

- Департаментте аудит объектілерінде мемлекеттік аудитордың жұмысына үш деңгейлі бақылау жұмыс істейді, күн сайын – бөлім басшысымен, апта сайын – жетекшілік ететін орынбасармен және ай сайын – департамент басшысымен. Азаматтар 26-43-91 сенім телефонына хабарласа алады. Оларды күн сайын қабылдау жүргізіледі. Айталық, департамент басшысымен сәрсенбі күні сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін, басшының екі орынбасарымен дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі және жұма күндері сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін қабылдауына келе алады, - деген жауапты тұлға келер жылға аудиторлық іс-шараларды жоспарлау туралы да ойын ашық жеткізді.

Айтуынша, мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру тәуекелдерді басқарудың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің тәуекелдерін бағалау негізінде іріктеу арқылы жүзеге асырылады. Бағалаудың әрбір критерий бойынша мәндер жиынтығы негізінде есептелген қорытынды баллды және тәуекел деңгейін айқындауды білдіретін көрінеді. Осыдан барып әрбір объектіге тәуекелдің жоғары, орташа немесе төмен деңгейі берілмек. Мәселен, облыс бойынша 2021 жылға жүйемен 1,5 мыңнан астам объект бағаланатын болады.