ШҚО-да автобус өртенді

438
көрілім

Кеше Алтай қаласында автобус өртенді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Сағат 13.00-де Ломоносов көшесінің бойында «Кубань» маркалы автокөлігі өртенді. Өрт болған жердің жалпы аумағы 6 шаршы метрді құрады, - деп хабарлады Алтай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі.

Өрт себептері анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.

Куәгерлердің айтуынша, автобус нан-тоқаш өнімдерін тасымалдаған.