ШҚО-да Айбек Нұғымаровпен адалдық сағаты өтті

581
көрілім

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің бастамасымен 2 дүркін Қазақстан Барысы, 3 дүркін Әлем Барысы, 4 дүркін Азия және Әлем чемпионы, бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, облыстық мәслихат депутаты Айбек Нұғымаровпен кезекті онлайн адалдық сағаты өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Еліміздің мақтан тұтар спортшыларының бірі, қайсар балуан Айбек Серікболұлы 1987 жылы Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген. Шығыстың шымыр балуанының ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктері көп.

Онлайн-дәріс барысында жастар спортшының адами құндылықтар, парасаттылық, әділдік туралы ойларымен танысты.

Спортшы: «Парасаттылық дегеніміз – адалдық, ниеттің дұрыстығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет», – деп түсінетіндігін атап өтті.

Бала Айбек дәрігер болуды армандаған. Есейе келе қазақ күресіне келіп, талмай еңбектеніп биік белестерді бағындарған. Сондай-ақ спортшы жетістіктерге жетуіне жаттықтырушысы көп ықпал еткендігін айта келе: «Жаттықтырушым – екінші әкем сияқты» деп ұстазына деген зор құрметін білдірді.

Айбек Нұғымаров қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровты, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Дәулет Тұрлыхановты өзіне үлгі тұтатындығын айтты.

Атақты балуан Менің арманым – еліміздің Тәуелсіздігі мәңгі болсын. Сондықтан баршаңызды осы жолда адал еңбек етуге шақырамын», – деп «Адалдық сағатын» тәмамдады.

Аталған бейне-сабақ ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Youtube-арнасында және әлеуметтік желілерде орналастырылды.

Бейне-дәріске сілтеме:

https://youtu.be/VzXqI46SaKI