ШҚО-да бала күтімі бойынша жәрдемақыны қалай онлайн ресімдеуге болады?

564
көрілім
Шартты фотосурет

«Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалының өкілдері бала тууына және оның бір жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақыны Halyk Homebank немесе Kaspi.kz қосымшалары арқылы қалай өтініш беріп, рәсімдеу керектігін айтып берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осының арқасында жас аналарға ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ. Биыл мамыр айынан бері 1618 жас ана SMS арқылы және мобильді қосымшасы арқылы бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы ресімдеді.

- Жәрдемақыны рәсімдеу үшін Halyk Homebank немесе Kaspi.kz мобильді қосымшасына кіру қажет. «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөліміне өтіп, баланың тууы немесе оның күтімі бойынша жәрдемақыны тағайындау қызметін таңдайсыз. Ары қарай дербес деректердің дұрыс жазылғанын тексеріп, өтінішті растау қажет, - делінген мәліметте.

Өтінімді жібергеннен кейін сізге көрсетілетін қызметтің нәтижесі және тағайындалған төлем сомасы туралы PUSH-хабарлама және SMS жіберіледі.

- Бұрын жәрдемақыға өтінімді ХҚКО, eGov.kz порталы немесе проактив тәсілімен жолданған смс-ке жауап беру арқылы ғана алуға болатын. Жақында жәрдемақыны банктердің қосымшасы арқылы алу мүмкіндігі туды. Сондай-ақ бізде экстерриторриялды қағидат енгізілген болатын. Баланың тууына байланысты жәрдемақыны жас аналар тұрғылықты жеріне қарамастан, кез келген ХҚКО арқылы рәсімдеу алды. Бұл жас аналар үшін жақсы мүмкіндік, олар жәрдемақыны алаңсыз, уақтылы рәсімдей алады, - деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» ШҚО бойынша филиалының баспасөз хатшысы Мөлдір Заруетқызы.

Қызмет тегін және оған бала туылғаннан кейін 1 жыл ішінде кез келген уақытта тапсырыс беруге болады.