ШҚО-да Белоусов кен байыту фабрикасы жұмысын тоқтатты

361
көрілім

Глубокое ауданындағы Белоусов кен байыту фабрикасы 2019 жылғы 1 қарашадан бастап жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі KAZ Minerals тобына сілтеме жасап.

- Бизнес-процестерді оңтайландыру, шығындарды азайту және ресурстарды үнемдеу мақсатында фабриканың жұмысын тоқтату және кәсіпорынды консервациялау туралы шешім қабылданды. Белоусов КБФ-да өңделген Ертіс шахтасының кені Николаев КБФ-на жөнелтілетін болады. 2016 жылы Николаев фабрикасында ауқымды модернизация жүргізілді және кәсіпорынның қуаты қосымша шикізат көлемін өңдеуге мүмкіндік береді. ББФ-ның жабылуы "Шығыстүстімет" ЖШС-нің және жалпы Топтың өндірістік көрсеткіштеріне әсер етпейді, - дейді кәсіпорынның корпоративтік байланыс жөніндегі департаментінің өңірлік менеджері Ермек Дүзкенев.

Белоусовка кен байыту фабрикасында 246 адам жұмыс істейді. Консервациялау жұмыстары кезеңінде кәсіпорында 26 адам жұмыс істейтін болады.