ШҚО-да бес күн бұрын суға кеткен ер адамның денесі табылды

332
көрілім

Бірнеше күн бойы Бұқтырма өзенінде ажал құшқан ер адамның денесі табылмаған еді. Іздеу жұмыстары нәтижесінде бүгін мүрдесі су бетіне шықты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Марқұм Малеевск маңындағы Бұқтырма өзенінде бетін сумен шаймақ болған. Қатты ағыстың әсерінен аяғы тайып, суға кеткен.
– Жансыз дене Парыгино ауылына жақын жерде 8-жасақтың құтқарушыларымен табылып, денесі тәртіп сақшыларына берілді, – деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.