ШҚО-да бес күннен бері Бұқтырмаға батып кеткен ер адамды іздестіру жүргізілуде

284
көрілім

15 тамыз күні Алтай ауданы мал дәрігері қызметкері Ақылбек Зұлпатай суға батып кетті. Жоғалған азаматтың туған-туыстары әлі жағалауды күзетуде, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


– Ветеринария бөлімінің үш қызметкері Быков ауылынан қайтып келе жатқан. Оқиға күндізгі уақытта орын алған. Малеев көпіріне тоқтап үшеуі суға шомылмақ болды. Ақылбек екінші болып жүзіп бара жатып, кенет су астына кеткен, – дейді әріптесі Қайдарбек Туратауов.
Құтқарушылар мүрдені көлдің түбінен іздестіруде. Бұған қоса жоғалған азаматтың туыстары мен әріптестері көмектесуде.
Әріптестерінің айтуынша, қандай да бір жағдай болып, марқұмның денесі табылса 8-747-874-39-73 нөміріне немесе 102-ге хабарласуын өтінеді.
Ескерте кетейік, суға кетіп мерт болған Ақылбек Зұлпатайдың артында әйелі мен үш баласы қалды.